10 12 2024 ж. А.Нүсіпбеков атындағы мектеп гимназияда Ұлттық құндылықтар негізінде жек адамды қалыптастыруда, дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлра жасау бағытында аудан мектептерінің директорлары мен тәрбие жөніндегі рынбасарлары арасында инновациялық аялдама өткізілді. Дене тәрбиесінің мұғалімдері ұлттық ойындарды қамтып, мектеп мұражайында "Айтулы Ақаң еді " атты таныстырылым болды. "Өнегелі 15 минут" атты суретші өлкетанушы Болат Сәрсенбаевпен тәрбиелік іс шара өткізілді. Ақытай Айгеріімнің сабағында Ш.Уалихановтың "Ыстықкөл сапарының күнделігі" тақырыбында ашық сабақ , Математика пәнінен "Жай бөлшектер және аралас сандарды көбейту. өзара кері байланыс сандар" тақырыбында ашық сабақ, "Жиындарды құру және жіктеу" ашық сабағын Н.Искакова өтті. "Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары" ашық сабағын биология пәні мұғалімі Б.Бектенова, "Этноаралық жанжалдар мен шешу жолдары" ашық сабағын тарих пәні мұғалімі Н.Молдасейітов өткізді. Семинарға қатысушылар мектептің "Шамшырақ" театры жетекшісі Ә.Ұзақбаева "Шерлок Холмс және Торыайғыр туындысының сыры " атты спектакльін тамашалады. Семинар қортындысында аудандық оқу бөлімінің әдіскерлері және мектеп директорларының өкілдері жоғары баға берді.