-
Тоқтарбаев Үсен Манапбайұлы
Тоқтарбаев Үсен Манапбайұлы 1975 жылы 24 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Жалағаш ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, педагогикалық.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1997-2016 жылдары Жалағаш қазақ орта мектебінің информатика мұғалімі болып атқарған.
2005-2008 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған.
2016-2021 жылдары «Көлсай кәсіптік – техникалық колледжі» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан – «Алматы облысы білім басқармасы Кеген ауданы бойынша «Ақай Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы 2023ж.
Білім мен ғылым мекемелерінің мен кәсіпорындары және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерініңің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы 2024ж.
-
Сағынбекова Фариза Асанғалиқызы
1991 жылы 3-шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданы, А.Нүсіпбеков ауылында дүниеге келді. 1998 жылы А.Нүсіпбеков атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына барып, 2009 жылы аталған мектепті оқып бітірді. 2009 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына оқуға түсіп, 2013 жылы аяқтады. 2014-2016 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Филология (қазақ тілі)» мамандығын оқып, бітірді.
2014 жылы Алматы қаласындағы «Қазақ спорт және туризм академиясы», «Олимпиадалық спорт» факультетінің деканатында әдіскер жұмысына қабылданып, 2019 жылға дейін жұмыс жасады. 2019-2020 ж.ж. Республикалық спорт колледжінде, 2021-2022 ж.ж. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жұмыс жасады. 2023 жылдың 5-қыркүйегінен А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына қабылданды. Мектеп-гимназияда жұмыс істегендегі жетістіктері: Аудандық жалпыға білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада жарысында «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен 1-орын, аудандық «Мұқағали Мақатаев» оқуларының «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» айдарында 2-орын алды. «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Облыстық әдістемелік орталығы» КММ құрастырылған «Білім беру сапасын арттырудағы инновациялық қызметтің тиімділігі» атты әдістемелік жинаққа мақаласы жарияланды.
-
Нұрелова Әлия Жамбылқызы
23.10.1991 жылы, Алматы облысы, Кеген ауданы, А.Нүсіпбеков ауылында дүниеге келді. 1999 жылы осы аталған А.Нүсіпбеков ауылындағы, А.Нүсіпбеков атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 2007 жылы 9-сыныпты аяқтады. 2007 жылы №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық –педагогтік колледжіне «Бастауыш білім беру» мамандығына оқуға түсіп, 2011 жылы аяқтады. 2012 жылы «Алматы» университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша сырттай бөлімде аяқтады.
2011 жылы «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығы бойынша А.Нүсіпбеков атындағы орта мектебінде жұмысқа қабылданды. 2014 жылы педагог-ұйымдастырушы лауазымына ауысты. 2021 жылы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ауысты.
Осы жылдар арасында аудандық,облыстық,республикалық,халықаралық жетістіктерге жетті.
Аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысы, 3-орын
Аудандық «Ең үздік сынып жетекші-2013» байқауы, 2-орын
Аудандық «Жетісу жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы, 2-орын
Облыстық «Дарын» ғылыми жобасы, 3-орын
Аудан бойынша тәрбие жұмысындағы белсенділігі үшін аудан әкімінің құрмет грамотасы
«Құндылықтарға негізделген тәрбие-табыс бастауы» атты облыстық семинарда іс-тәжірбиемен бөліскені үшін Алғыс хат
Республикалық маңызы бар халықаралық дәрежедегі «Саябақтар шеруі»табиғат қорғау акциясына белсенді қатысқаны үшін
Жыл пән мұғалімі-2017 аудандық байқауы, 2-орын марапатталды.
-
Касенова Айгерим Абдуалиевна
1989 жылдың 26 сәуірінде Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Жалаңаш орта мектебіне қабылданып, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2011 жылы үздік дипломмен филология: қазақ тілі мамандығы бойынша аяқтады. 2014-2019 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс атқарды. 2019-2021 жылдар аралығында Райымбек ауданнының Қайнар ауылында Қайнар орта мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен ұстаздық етті. 2021-2023 жылдары Кеген ауданы Саты ауылы Айтжан түркебаев атындағы мектеп-лицейінде менеджер және қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2023 жылы Жалағаш ауылы Жамал Ермегияев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі қызметін атқарып жүріп, президентіміз Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың бастамасымен жүргізілген “Білім берудегі 1000 көшбасшы” кадрларды дайындау курсына қатысып, республика бойынша 13790 үміткердің ішінен 5 кезеңнен сүрінбей өтіп сертификатталып, Ақай Нүсіпбеков ауылында орналасқан Ақай Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясына директордың бейінді оқыту ісі бойынша орынбасары болып тағайындалды. “Ұлағатты балабақша” тұжырымдамасының авторы. “Ұлағатты ұстаз” жобасының финалисті.
-
Сәрсенбай Болат Жапсарбайұлы
1962 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кіші Жалаңаш ауылында дүниеге келді. Мәдениет үйінде суретші -11жыл , мемлекеттік қызметтерде бас маман салық инспекторы жұмыстарында -25 жыл қызмет атқарды. Бүгінде «Алматы облыстық білім басқармасының, Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жалағаш балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» кмқк. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия менеджері болып қызметтер атқаруда.
2002 ж. «Алтын көпір» кітабы жарық көрді. Бұл кітаптың 27 жыл жинаған деректер қоры; шежіре, тарихи тұлғалар, аңыз әңгімелер қамтылды.
2013ж. «Ауылдың да айтары бар» кітабы оқырманға жол тартты. Естеліктер, аңыз әңгімелер, тарихи зерттеу жазбаларымен қамтылды.
2024 ж. «Өлкенің тарихнамасы» кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте Кеген ауданының 100 тарихи киелі орындары туралы. Ол жерлердің аталу себебі, сол жердегі аңыз әңгімелер, өткен тарихи деректер, географиялық ерекшеліктері және фотоларымен қамтылған. Бұл тарихи еңбеккке автор 11 жыл уақытын сарп етті.
Ш,Уалиханов атын. Тарих және әтнология инситуты шығарған «Орта Азия елдеріндегі қазақтың киелі орындары» 2022ж атты жинаққа 9 аңыз әңгімелері кірді. 300 ден аса мақалалары, ғылыми зерттеулері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда жарық көрді.
2023 жылы Алматы облыстық «Алатау арайы» газеті «Бесаспап, жанкешті азамат» атты суретші Болат Жапсарбайұлы туралы көлемді мақала жарық көрді. 2024 жылғы «Алатау арайы» газетінде « Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз» атты журналист Салтанат Бакееваның суретші өлкетанушымен көлемді сұхбаты жарияланды. Облыстық басылым беттерінен «Алтын адам Үйсіннің ханзадасы Нулы. «Күн басты құдайлар дегеніміз кім» «Иен даланың құпиясы» атты тарихи жазбалары, «Үйірмеге үрке қарамалық» . «Адам бәріне қабілетті» атты адамның тұлғалық қасиетін ашатын мақалалары қоғамда резонанс тудырды.
2023ж. Жергілікті аумақта өткен «Қазына адам» номинациясы бойынша жыл адамы. Осындай ауқымды құнде еңбектерін бағалап «Ұлттық құндылықтар академиясы» қауымдастығы мүшелікке алды.
Талантты суретші . мүсінші азаматтың суретшілігі туралы «Хабар"телеарнасынан, «Хабар Жер» бағдарламасынан көрсетті. Облыстық «Жетісу» арнасынан «Таңжарық» бағдарламасынан шәкірті Манатқызы Адинамен 14 минуттық таңғы бағдарламаға қатысты. , « Қазақ радиосынан» «Естілмей жүрген бір есім» атты тұлғалық 15 минуттық хабар арқылы деректі таныстырылым ретінде республика жұртшылығына танылды.
Сурет өнері бойынша шәкірттері арасынан халықаралық, республикалық байқаулардан 6 шәкірті –бас жүлде алды. 21 шәкірті -1 дәрежелі дипломант атанды. 2022 ж. 6 INTERNATIOHAL ART FESTIBAL,ZETI ONER’ «Талантты ұстаз» номинациясыны гран при иегері. «Үздік педогог» төсбелгісінің иегері.
2022 ж А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілген 4-ші республикалық рухани-патриоттық байқауда шәкірті бас жүлде иеленгені үшін «Алаш ұстазы» дипломы
2023ж Кәсіби суретшілер мен қолөнершілер, көркем еңбек пәні мұғалімдерінің «Тараз жаухарлары 4 ші халықаралық симпозиумының «Көрмедегі ең үздік туынды» дипломы. Халықаралық симпозиумның каталогында салған суреттері мен шәкірттерінің шығармалары енді.
2009 ж. Алматы облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасында сурет байқау дипломы
Спортшы . Футбол және шахматтан жарыстарда бірсыпыра жетістіктерге жетті. 1987 жылы «Алтын дән» футбол жарысынан Кеген ауданының чемпионы. Осы жылғы Алматы облыстық жарыстың қола жүлдегері.
1996 ж. Шахматтан Кеген ауданының чемпионы.
1998 ж. «С.Бейсенбетов атындағы шахматтан өткен облыстық жарыстың бас жүлде иегері
Өлкетану бағытында көптеген зерттеулерге қатысты. Ә.Марғұлан атындағы археология институтымен және Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институы ғалымдарымен тығыз байланыста. Албан ата бейтін. Шағатай ханның жатқан жерлерін анықтауға қатысты. Өз ізденісімен Көне Құяс, көне Барсыған қалаларының орнын, Ежелгі Үйсін бас көтерген Еркінеқон жерін анықтады. Қарашоқы. Бесқұдық, Өсербай. Сарықобы петроглифтерін анықтап, зерттеулер жүргізді. Шартастағы Көне Үйсіннің арнайы жасақтары дайындалған мектебінің орнын анықтауға қатысты. Саты шатқалындағы көне құрбандық шалу орнын ашты. Түркі алфавитін пайдаланып, Қарқара жерінен табылған тастағы жазуды оқып шықты. Аударма турколог мамандар сынынан өтті. Туған жердің тарихи орнынан табылған түрлі жәдігерлерді жинақтап, мектептегі мұражай қорын молайтуға көп үлес қосты. Әркезде іс басындағы азамат, ел азаматы ретінде өзін лайықты биіктерден көрсетуде.
«Бейбітшілік әлемі» халықаралық журналистер одағының мүшесі
2024 жыл қортындысы бойынша «Жаңа Қазақстан» Республикалық иновациялық орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстынның ЖЫЛ АДАМЫ» атты республикалық байқауға қатысып ЖЫЛ АДАМЫ атанды.
-
Сқақбай Эльмира Сырымқызы
1994 жылы 26-наурызда Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында дүниеге келді. 2000 жылы А.Нүсіпбеков атындағы мектеп табалдырығын аттап,2012 жылы үздік бітіріп , сол жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне хореография мамандығына оқуға түсті. Универді бітіріп өнер вакалаврін алып шықты. 2016 жылы өзі оқыған А.Нүсіпбеков атындағы мектепке музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрды. Сол кезден бастап осы мектепте жұмыс істеп келеді. 2020 жылдан бері мектепте педагог ұйымдастырушы қызметін атқарып жүр. Мектеп-гимназияның мерекелік іс-шараларын және басқа шараларды атқарып жүр.
-
Қасабеков Төлеген Құралғазыұлы
Қасабеков Төлеген Құралғазыұлы 1983 жылы 7 ақпан күні Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келді.
1989 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2000 жылы мектепті бітірді.
2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетіне Шығыстану факулететіне түсіп, 2007 жылы аяқтады.
2017-2019 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтын Алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша бітірді.
2017 жылдан бастап Ақай Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.
-
Мүшір Гүлнар Есжанқызы
Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында 1965 жылы дүниеге келді. 1984 жылы Қаскелең қаласындағы Мәдени ағарту училищесін оқуға түсіп, 1987 жылы кітапхана ісі мамандығын алып шықты. 1988 жылы еңбек жолын Саты ауылдық кітапханасында кітапханашы болып бастады. 2014 жылдан А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия кітапханасында кітапханашы қызметін атқаруда. 2021 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жылдығына орай өткізілген республикалық байқау қортындысымен "Тәуелсіз Қазақстанның құрметті кітапханашысы" медалінің иегері атанды.
-
Егінбаев Бағдат Рақынбайұлы
19.07.1962 жылы Алматы облысы,Кеген ауданы,Кіші - Жалаңаш ауылында қарапайым отбасында туған.
1970-1980 жылдары Көлбастау орта мектебінде оқыды.
1980-1981 жылдары Көлбастау колхозында колхозшы болды.
1982-1983 жылдары Республикалық бухгалтерлер дайындайтын курста оқыдым.1983 жылы шілде айынан бастап ,Кіші-Жалаңаш ауылында,Қарабұлақ селолық Советі атқару комитетінде есепші болып жұмыс атқарды.1987-1997 жыл аралығында бас есепші міндетін атқарды.1997-2006 жыл аралығында "Қамбар-2" шаруа-шаруашылығында төраға міндетін атқарды.
01.10.2006 жылдан осы уақытқа дейін "А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде , мектеп-гимназия директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарып келеді.
Отбасыл 2-қыз,1-ұлы бар.
-
Шығанбаева Сәнімгүл Құралбайқызы
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын аулында 1980 жылдың 15-ақпанында дүниеге келді . Сол ауылда 9-сыныпты бітіріп , 10-11 сыныптарды аудан орталығында "Ақ орда" мектеп-гимназиясында бітірді . Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде "қазақ филологиясы" факультетін 2000 жылы бітірді .
Алғаш еңбек жолын 2002 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады. 2008 жылы сол кездегі ЖенПИ-дің педагог-психолог мамандығын бітіріп, осы салада да біраз жыл еңбек етті. Екі мамандықта да жеткен жетістіктері де жоқ емес . Білім көтеруде арнайы курстардан да өтіп отырады.
Қазіргі таңда А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында арнайы маман болып, инклюзивті балалармен жұмыс жүргізеді.
Отбасылы . 4 баласы бар.
-
Телеубекова Айжан Байжұмақызы
Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында 1969 жылы дүниеге келді.
1976-1986 оқу жылдарында Жалаңаш қазақ орта мектебінде оқып, 1985-1986 оқу жылында мектепті аяқтады.
2005-2010 жылдар аралығында Қазақстанның көпсалалы «Парасат» институтында оқып, педагогика және психолоия мамандығы бойынша педагогика және психология бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында педагог және психолог мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді.
Санатым: педагог-модератор
Жетістіктерім: Аудандық «Үздік психолог2024» байқауына қатысып «Креативті психолог» номинациясы
Сертификат:
Жаңартылған бағдарлама –заман талабы «Ұлағат» педагогикалық біліктілігін арттыру орталығы 21.12.2021-31.12.2021 жыл 72 сағат
Серитфикат
Білім беру саласында буллингтің алдын алу бойынша 8сағаттық курс 11.03.2022 ж Рег.номері 003569 Учебного центра Орлеу-РК
Сертификат: «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру» курсы бойынша 36 сағаттық оқытушы-тренерлерді дайындауға арналған семинар тамыз2024 жыл
Алғыс хат
Білікті педагог-заман қажеттілігі» атты семинар-тренингке ұстаздардың нәтижелі білім алып,біліктілігін арттыруға септігін тигізгеніңіз үшін алғыс айтамыз. 26.11.2024 ж
-
Қасабекова Меруерт Тоқтарқызы
2018 жылдың наурыз айында Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен және Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаңа формат «Жаңартылған бағдарлама ХХІ ғасырдағы жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа білімнің жаңа мүмкіндіктері» атты 8 сағаттық облыстық семинар –тренингке қатысқанын растайтын сертификат тіркеу № 3965
2021 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлағат» педагогикалық біліктілігін арттыру орталығы « Жаңартылған бағдарлама-заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сертификат 21.12.2021-31.12.2021 жыл 72 сағат тіркеу № 081
2018 жылда Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырылған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар –тренингіне қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгерді. №14803
2023 жылдың сәуір айында « Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Табысты сабақ : мақсаттар, мүмкіндіктер мен тапсырмалар триангуляциясы» тақырыбында 16 академиялық сағат көлеміндегі вебинарға қатысқанын растайды. №02237 zel
2023 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Қазақ тілі» және Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктер дамыту /5-9 сынып/» тақырыбындағы курсын растайды. 80 сағат
/05.06-16.06.2023/№0645384
2023 жылдың қыркүйек айында «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ «Орта Білім жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша кәсіби құзіреттілігін дамыту » тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізгенін растайды
/28.08.-08.09.2023/ №0651762
2023 жылдың желтоқсан айында «Білім шуағы» Республикалық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Ұстаз мұнарасы» журналының №14 санына «Әпке» драмасы тақырыбындағы жұмысы жарияланғанын растау үшін №14/30
2019 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы педагогика кадрларының біліктілігін арттырудың « Инклюзивті білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің оқыту сапасын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту 72 сағат тіркеу № НОЦ-А 005379
2020 жылдың тамыз айында «Логопедиялық кабинеттегі балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері сабақ мазмұны» бойынша жылдамдатылған базалық оқу курсы 80 сағат №119
2020 жылдың 6 қаңтардан бастан 31 наурыз айына дейінгі Сертификат «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығы» 432 сағат 2374-9-007 « Мұғалім -логопед» біліктілігі берілді. № 0945277
2022 жылы А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында өткізілген « Жыл пән мұғалімі-2022» мектепішілік байқауында « Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.
2022 жылы Педагогика саласында заманауи білім , сапалы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін марапатталды.
2021 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлағат» педагогикалық біліктілігін арттыру орталығы « Жаңартылған бағдарлама-заман талабы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сертификат 21.12.2021-31.12.2021 жыл 72 сағат тіркеу № 081
2021 жылдың желтоқсан айында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдігі «Ел мүддесі жолындағы абыройлы еңбегіңізбен азаматтық белсенділігіңіз үшін Алғысхатпен марапаттады.
2021 жылдың ақпан айында Ақиық ақын М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» атты шығармашылық байқауына белсене қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2022 жылы А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында өткізілген « Жыл пән мұғалімі-2022» мектепішілік байқауында « Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.
2022 жылы Педагогика саласында заманауи білім , сапалы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін марапатталды.
2022 жылы А.Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназиясында өткізілген « Жыл пән мұғалімі-2022» мектепішілік байқауында « Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды.
2022 жылы Педагогика саласында заманауи білім , сапалы тәрбие берудегі мол еңбегі үшін марапатталды.
2022 жылдың наурыз айында КТК телеарнасындағы «Озат Отбасы» Өнегелі отбасы үлгісін танытып, ойын-сауық бағдарламасында белсенді әрі үздік ойын көрсеткені үшін «Бас жүлдемен» марапаттайды
2023 жылы қыркүйек айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының « Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында тәжірибесімен бөліскені үшін «Алғыс хат» №17611
2023 жылдың сәуір айында « Логопедиялық қорытындыларды аржырату» атты аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөліскені үшін « Алғыс хат» М.Масимхановтан берілді.
2023 жылы «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ облыстық әдістемелік орталығы " КММ «Педагогика оқыту шеберлігі сапалы білім беру кепілі» кітабына «Л дыбысын қоюға арналған артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасап үйрену тақырыбы» атты мақаласы 103 бетке жарық көрді.
2023 жылы Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы баспасының Педагогика жаршысы журналының 86-92 беттер аралығына Отбасылық топтық логопсихотерапия әлеуметтік оңалту жүйесінің моделі ретінде» атты тақырыпта мамандармен бірлеске мақаласы жарияланды.
2023 жылдың Сәуір айында Кеген аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ә.Бейсеуовтың «Әсеттің әсем әндері –ай» атты ән байқауына қатысып жақсы өнер көрсеткені үшін Дипломмен марапатталады.
2023 жылда Кеген аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық «Ақ келін» байқауына қатысып, шеберлігін танытқаны үшін Дипломмен марапатталады.
2023 жылда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен «Бір отбасы-бір кітап» отбасымызбен бірге кітап оқимыз шарасына белсене қатысып, «Үздік шығармашыл отбасы» атанғаны жайлы мадақтама
2023 жылы «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ облыстық әдістемелік орталығы " КММ «Нарынқұм зауалы туралы сыни шолу атты мақаласы 101-102 бетке жарық көрді.
2023 жылы Республикалық ғылымимен танымдық, педагогикалық «Ұстаз мұнарасы» журналына «Әпке» драмасы атты тақырыпта мақаласы жарияланды
2024 жылдың ақпан айында Аудандық жалпыға білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада жарысында жоғары білім деңгейін көрсеткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Қасабекова Меруерт жетекшілік еткен 6- сынып оқушысы Бекбосын Бексұлтан ІІ орын алғаны үшін марапаттайды